Бұл медаль — ұлттық құраманың биылғы жарыстағы алғашқы жүлдесі болды.
Қытайдың Сиаси қаласында өтіп жатқан ескекпен жүзуден (слалом) Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әйелдер арасындағы байдарка-бірлік сайысында Таранцева 104,82 секундтық нәтиже көрсетіп, құрлық біріншілігінің вице-чемпионы атанды. Бұл медаль — ұлттық құраманың биылғы жарыстағы алғашқы жүлдесі болды.
Аталған чемпионатқа Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, жеке және командалық жарыстарда бақ сынауда. Жарыстар Цюшуй өзенінде өтіп жатыр және 17 тамызда мәресіне жетеді.