06.08.2025, 15:20

АЧ: Бес қазақ боксшысы финалда Өзбекстандықтармен жұдырықтасады

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Финалдық кездесулер 11 тамыз күні өтеді.

World Boxing халықаралық ұйымы өткізіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан жастар және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы бес қазақстандық финалист белгілі болды. Ерекше жайт – олардың барлығы алтын үшін өтетін жекпе-жектерде Өзбекстан өкілдеріне қарсы шаршы алаңға шығады.

Финалға жолдама алған қазақстандық боксшылар және олардың қарсыластары:

60 кг – Нұрислам Қалдыбаев – Шохрух Абдумаликов

65 кг – Илья Калинин – Саяқ Ильясов

70 кг – Нұрбек Мұрсал – Мухаммад Азизбек Исмоилов

80 кг – Санжарәлі Бегалиев – Рахматулло Бойматов

90 кг – Темірлан Мұқатаев – Шахзод Палвонов

Финалдық кездесулер 11 тамыз күні өтеді. Бұл күн қос мемлекеттің талантты жастарының дайындық деңгейі мен болашағын анықтайтын шешуші кезең болмақ.