$ 539.49  627.7  6.75

АЧ: Бес қазақ боксшысы финалда Өзбекстандықтармен жұдырықтасады

Финалдық кездесулер 11 тамыз күні өтеді.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

World Boxing халықаралық ұйымы өткізіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан жастар және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы бес қазақстандық финалист белгілі болды. Ерекше жайт – олардың барлығы алтын үшін өтетін жекпе-жектерде Өзбекстан өкілдеріне қарсы шаршы алаңға шығады.

Финалға жолдама алған қазақстандық боксшылар және олардың қарсыластары:

  • 60 кг – Нұрислам Қалдыбаев – Шохрух Абдумаликов

  • 65 кг – Илья Калинин – Саяқ Ильясов

  • 70 кг – Нұрбек Мұрсал – Мухаммад Азизбек Исмоилов

  • 80 кг – Санжарәлі Бегалиев – Рахматулло Бойматов

  • 90 кг – Темірлан Мұқатаев – Шахзод Палвонов

Финалдық кездесулер 11 тамыз күні өтеді. Бұл күн қос мемлекеттің талантты жастарының дайындық деңгейі мен болашағын анықтайтын шешуші кезең болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары