Баршаңызға осындай көлік жұғысты болсын!
Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов су жаңа көлік иесі атанды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Toyota-ның Camry 80 моделі. Баршаңызға осындай көлік жұғысты болсын!» - деді Өтешов видеода.
Желі қолданушылары спортшыны құттықтап, тілектерін жаудырды. Алайда кейбір оқырмандары, спортшының өткенде ғана жылап, ішкілікке салынып жүргенін де айтып қалды.
Айта кетейік, Алмас Өтешов үлкен спорттан қол үзгеннен кейін медиа алаңынан жоғалып кеткен болатын. Ал, былтыр журналист Нұрсейіт Жылқышыбай оның ауыр халде жүргенін көрсетіп, ашық сұхбатын жариялады. Ішкілікке салынған экс-спортшы семьясынан ажырап, жұмыссыз қалғанын айтқан еді.