25.07.2025, 17:00

Асу Алмабаев жекпе-жегінің алдында көпшілікке үндеу жасады

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирі аясында өтеді.

UFC-дегі ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Асу Алмабаев алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтып, қарсыластың ауысуына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирі аясында өтеді.

Бастапқыда Алмабаев Өзбекстан өкілі Рамазан Темировпен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда Темиров допинг сынамасынан оң нәтиже көрсетіп, турнирден шеттетілді. Оның орнына перулік файтер Хосе Очоа шықпақ.

"Мен бұған қатты алаңдаған жоқпын. Ең бастысы – қарсылас бар, және мен дайынмын. Қарсыластың кім екені маңызды емес, мен кез келгеніне қарсы шығуға әзірмін. Соңғы жекпе-жектегі қателіктерді талдап, оларды түзетуге тырыстық. Енді алдағы кездесуде осы өзгерістерді көрсеткім келеді", – деді Асу баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол алдыңғы кездесуден кейін командасымен бірге терең талдау жүргізгенін атап өтті.

«Әр жеңіліс – сабақ. Біз соңғы жекпе-жектен кейін барлық қателіктерді қарап, қорытынды жасадық. Осы жолы сол қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Алда болатын жекпе-жекте өзімнің қаншалықты өскенімді және жаңа деңгейге көтерілгенімді көрсетуге ниеттімін», - деп түйіндеді спортшы.