$ 523.46  600.04  6.69

«Ешқандай мағына қалған жоқ»: Белгілі журналист Қазақстаннан көшетінін айтты (ВИДЕО)

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстаннан кететінін мәлімдеді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталоы.

"Спорт журналистикасының жазылмаған заңы бар. Футболдан ұлттық құраманың баспасөз хатшысы болу ең биік қызмет болып саналады. Бұл жұмысқа қолы жеткен бар, жетпеген бар. Әлі де армандап жүргендер баршылық. Басқа елдерде де солай. Мен, Құдайға шүкір 4 жыл жұмыс істеп арманымның біріне қол жеткіздім. Талғат Маруаұлы Байсуфиновпен де, Магомед Әдиевпен де, Станислав Черчесовпен де, ең соңы Әли Әлиевпен де қызметтес болдым. Ұлттық құрама ойындарының біреуінде жібермей, баспасөз қызметші ретінде міндетімді атқардым. Жүрген жерімнің бәрінде қазақ тілін насихаттадым. Қазақ футболы қазақша сөйлесін деген ұранды алға тарттым. Маған жанкүйер қауымның өкпесі жоқ шығар.

Бірақ, әр нәрсенің аяқталар тұсы болады. Өз еркіммен саналы түрде шешім қабылдап, Қазақстан ұлттық құрамасы баспасөз хатшысы қызметінен кетемін. Менің бұл жұмысты ары қарай жалғастыруға зауқым соқпайды. Өзімді іштей жегідей жеп, жүйкемді тоздырғаным жетер. Алқымыма келіп сөз тығылған тұстар, оны айта алмай іште жасырған кездерім өте көп. Енді бұдан былай ойымды бұқпай, біреуден қаймықпай, айтар ойымды анық жеткізгім келеді. “Айтпасы сөздің атасы өлер” демекші, көрермен алдында адалдығымды сақтайын. Қазақстан құрамасына осы өмірім аяқталғанша жанкүйер болатыныма ешкімнің шүбәсі жоқ. Менсіз де футбол тоқтап қалмас. Ары қарай өздерің…

Керемет жеңісті күндердегі бақытты сәттер үшін мың алғыс!" – делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 183
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары