$ 523.46  600.04  6.69

«Жоғары жақтан қоңырау шалды»: Комментатор Ермұхамед Мәулен Қазақстаннан мәжбүрлі түрде кететінін айтты

Комментатордың сөзінше, бұл шешімге себеп — жоғары жақтан жасалған қысым.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Қазақстандық спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен шетелге кететінін айтты. Бұл туралы ол FonTeam подкастында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Комментатордың сөзінше, бұл шешімге себеп — жоғары жақтан жасалған қысым.

«Иә, маған шынымен қоңырау шалды. Тек қоңырау емес, нақты ескерту де жасалды. Жасыратын ештеңе жоқ. Қоңыраулар жоғарғы кеңселерден келді. Ашық түрде тоқтау қажет екенін білдірді. Мен түсіндім. Екі аптадай үнсіз жүремін. Барлығы жақсы», - дейді Ермұхамед Мәулен.

Ол бұл жағдайдың өзіне психологиялық тұрғыдан әсер еткенін айтып, жақын арада Еуропаға көшетінін мәлімдеді.

«Қазір мен үшін Қазақстанда қалудың, өмір сүрудің еш мәні қалмады. Шетелге көшу туралы шешім қабылдадым. Футбол маусымы аяқталғаннан кейін Еуропаға кетемін. YouTube арнамда бұл туралы толық мәлімдеме жасаймын. Егер нақты бір шешім, ұсыныс болып жатса, тағы ойланып көремін», - дейді комментатор.

Дегенмен қолдау көрсеткен жандар да табылған екен.
Айта кетейік, Ермұхамед Мәулен бұған дейінгі подкастта Қазақстан футболындағы кемшіліктерді сынаған. Әсіресе, Қазақстан Солтүстік Македониядан жеңілгеннен кейінгі мәлімдемесі желіде резонанс тудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары