16.06.2025, 00:30

Қазақстандық параспортшылар Азия чемпионатында 10 медаль алды

Фото: Спорт жән дене шынықтыру істері комитеті

Құрлықтық додаға 15 елден 300-ге жуық спортшы келді.

Таиландта өтіп жатқан ққұрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыс барысында Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальға қол жеткізді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қолаға қол жеткізді.

Айта кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды.