13.06.2025, 22:30

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды (ВИДЕО)

Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы алтынға бір табан жетпей қалды.

Дзюдодан Венгрия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсеткен қазақ қызы Абиба Әбужақынова финалда сүрініп, жарыстың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық балуан ел тарихында алғаш болып әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. Ақтық сында ол Италия өкілі Асунта Скуттомен кездесіп, белдесу аяқталуға 14 секунд қалғанда иппон әдісімен жеңілді.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова бұған дейін әлем чемпионаттарында екі рет қола жүлде алған. Ал, ел тарихында дзюдодан қыздар арасында әлем чемпионатының финалына бұған дейін ешкім жетпеген еді.

Еске салайық, жартылай финалда отандасымыз испан балуаны Лаура Мартинесті жеңді.