Сондай-ақ, ATP 250 турнирінде үш дүркін, ATP 500 додасында бір рет чемпион атанған.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз соңғы бәсекеде әлемнің 73-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Нәтижесінде, Александр Бублик 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
1 сағат 14 минутқа созылған матчта Александр Бублик 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың 5-еуін пайдаланды. Қытайлық теннисші 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында челленджер жарыстарындағы 7-ші, топырақ төсенішіндегі 1-ші титулын жеңіп алды.
Сондай-ақ, ATP 250 турнирінде үш дүркін, ATP 500 додасында бір рет чемпион атанған.
Александр Александр Бублик қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 51-орынға көтеріліп тұр.