Финалдық бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.
Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші финалда жапониялық, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина таразы басын аудара білді - 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға кетті.
Бірақ Зарина бұдан кейін қарқын қосты - 6:3. Финалдық бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды. Айта кетері, теннисші жарақатына байланысты екі жыл өткізіп, 2024 жылдың мамырында ғана кортқа толық оралды.