12.05.2025, 23:30

Қазақстандық спортшы таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

65 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженкодан басым түсті. 

Таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

65 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженкодан басым түсті. 

Сондай-ақ, жарыстың үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі қоламен толықты. Жасөспірім қыздар Алла Цой (-47 кг) мен Аида Гожалимова (-51 кг) Фуджейрадағы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (-61 кг) әлем біріншілігінде топ жарған болатын. 

Әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.