$ 509.51  570.6  6.3

Жәнібек Әлімханұлы супер айқас алдында үн қатты

Сарапшылар мен жанкүйерлер бұл кездесуді жылдың басты бокс оқиғасы деп бағалап отыр.

Фото: Видеодан алынған кадр/ instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: Видеодан алынған кадр/ instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) америкалық Теренс Кроуфордқа (41-0, 31 KO) қолдау білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

4 мамырға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес (63-2-2, 39 KO) кубалық Уильям Скуллды (23-1, 9 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, IBF белбеуін алып, екінші орта салмақта қайтадан абсолют чемпион атанды.

Кроуфорд пен Канело арасындағы жекпе-жек 2025 жылғы 12 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Бұл айқас TKO Boxing атты жаңа промоушеннің алғашқы шоуы болады. 

"Сәттілік", – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.

Сарапшылар мен жанкүйерлер бұл кездесуді жылдың басты бокс оқиғасы деп бағалап отыр.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд екі салмақта абсолют чемпион болған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары