$ 512.32  582.92  6.29

«Өзбектерді жоғары қойып, өз балаларымызды төмендетуге көштік»: Журналист қазақ боксшыларын сынайтындар туралы айтты

Ел намысын қорғаған 15 жасқа дейінгі спортшылар арасынан 6 боксшымыз Азия чемпионы атанды.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Спорт журналисі Аслан Каженов қазақ боксшыларын сынайтындар туралы сөз қозғады. Иордания астанасы Амман қаласында бокстан 15, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ел намысын қорғаған 15 жасқа дейінгі спортшылар арасынан 6 боксшымыз Азия чемпионы атанды. Осылайша, 15 жасқа дейінгілер арасында жалпы есепте Үндістан мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғастық. 

Алайда, Аслан Каженовтың айтуынша, бұл көрсеткішке көңілі толмай жатқандар да жетерлік.

“Алты алтынға қатысты…

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы World Boxing ұйымдастырған алғашқы Азия чемпионатында алты алтын жеңіп алып, ел абыройын асқақтатып тастады. Алайда, оның өзін аз көріп, сынға алып жатқандар бар. Әсіресе, өзбектерді жоғары қойып, өз балаларымызды төмендетуге көштік. Түсіндіре кетейін, 15 жасқа дейінгілер арасында біз жалпы есепте үшінші орында тұрмыз. Өзбектер екінші орында. Бізде алты алтын. Оларда жеті алтын. Яғни, плюс/минус бір алтын шешіп тұр. Ал, бірінші орында – Үндістан. Олардың еншісінде 11 алтын. Міне, осы жерде енді салыстыруға болады. Бізге нақты не жетіспейтініне және тығырықтан шығудың жолына сәл кейін тоқталамын.

Айтпағым, қазақтың балалары өте керемет нәтиже тіркеді. Оған қуана білуіміз керек және қолдай білуіміз керек. Өйткені, ешбір олимпиадалық спортта құрлықтық жарыстан спортшыларымыз алты алтымен оралып жатқан жоқ. Боксшылар, мейлі ересектер болсын, мейлі жастар болсын, мейлі жасөспірімдер болсын, тұрақты кемі алты алтын жеңіп алады. Кешегі дзюдоның не күрестің жағдайын көрдіңіз. Басқа спорттарды мүлде айтпай-ақ қояйын. Сондықтан, бізде бокс қазір нәтиже жағынан және деңгей жағынан нөмірі бірінші спорт. Ұнасын, ұнамасын, факт осы. Сәйкесінше, қолда бардың қадірін біліп, бапкерлер мен балалардың еңбегін бағалап, қан мен тер арқылы әкеліп жатқан әр жүлдесіне құрметпен қарайық”, — деп жазды ол.

Айта кетейік, 17 жастағы боксшылар шаршы алаңға бүгін, яғни 30 сәуірде шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары