Айта кетейік, Хабаровскідегі турнирдің жартылай финалында Бибосынов Дусматовтың туған інісін жеңген болатын.
Сәкен Бибосынов әлемдік бокстағы өз позициясын нығайта түсті. Спортшы Қазақстан құрамасына салтанатты түрде оралып, әлемдік рейтингте көш бастады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуірдің ортасында Бибосынов Хабаровскіде өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста жаңа салмақ дәрежесінде, яғни 54 келіге дейінгі санатта өнер көрсетті.
BoxRec порталы Бибосыновты 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің "патшасы" деп есептейді. Бұл санатта қазақстандық боксшы қазір бірінші орында тұр. Оның негізгі қарсыласы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов одан ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Хабаровскідегі турнирдің жартылай финалында Бибосынов Дусматовтың туған інісін жеңген болатын.
Сәкен Бибосынов - 2021 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының (2020) қола жүлдегері. Сонымен қатар, оның еншісінде Азия чемпионаттарының қола (2021) және күміс (2022) жүлделері бар.