21.04.2025, 13:20

«Әкеммен бажа болдым» - Боксшы Махмұд Сабырхан

Фото: желіден алынды

Боксшы Париж Олимпиадасынан кейін шаңырақ көтерген болатын.

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан «Бірінші бол» YouTube-каналына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Боксшы Париж Олимпиадасынан кейін шаңырақ көтерді.

«Олимпиададан кейін үйленіп алайын деп шештім. Әйелім мен анам бір күнде туған. Астанада Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек кешінде анам 50 жасқа, келіншегім 20-ға толды. Әйелімнің руы – Шегір. Әкеммен бажа болдым. Нағашыларым да Шегірлер еді», - дейді боксшы.

Айта кетейік, 23 жастағы боксшының жарының есімі – Назым. 

Тегтер: әйелі боксшы