09.04.2025, 16:20

Қазақ жігіті әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

«Барселона» командасына 20 жылдан бері жанкүйер болып келемін.

Қазақстандық кәсіпкер Дінмұхамед Сыздықов әйгілі бразилиялық шабуылшы Роналдиньоның иығына шапан жапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қазақ жігіт әйгілі футболшымен көптен бері кездесуді армандап жүргенін айтты.

«Барселона» командасына 20 жылдан бері жанкүйер болып келемін. Оған сүйікті футболшым Роналдиньо себеп болды. Көп жылдан бері онымен танысуды армандап жүрдім. Бірақ оған шапан сыйлауды қиялдап та көрмеппін

77 млн оқырманы бар Роналдиньо Instagram бойынша әлемдегі ең танымал ТОП-10 футболшының қатарына кіреді», - деп жазды Дінмұхамед Сыздықов.