11.03.2025, 16:00

Шавкат Рахмоновтың Ресей туының астында өнер көрсететіні туралы ақпарат тарады

Фото: UFC

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC басшысы Дана Уайтқа ресейлік спортшылар мен америкалықтар арасында супертурнир ұйымдастыруды ұсынды.

 

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов күтпеген жерден ресейлік спортшылардың тізімінде пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC басшысы Дана Уайтқа ресейлік спортшылар мен америкалықтар арасында супертурнир ұйымдастыруды ұсынды.

Ұсынылған жекпе-жек кешінің құрамында жеңілмеген қазақстандық жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов та бар, бірақ оны Ресей туының астына қойған. Сонымен қатар Лафламм турнирдің өтетін орнын және нөмірін де белгілеген.

"UFC 318: Филадельфияда АҚШ Ресейге қарсы бақ сынайды:

Дастин Порье – Ислам Махачев;  Джамахал Хилл – Магомед Анкалаев;  Колби Ковингтон – Шавкат Рахмонов;  Шон О’Мэлли – Умар Нурмагомедов;  Деррик Льюис – Сергей Павлович;  Майкл Чендлер – Арман Царукян;  Кевин Холланд – Абубакар Нурмагомедов;  Бо Никал – Икрам Алискеров", – деп жазды америкалық сарапшы желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад титулдық жекпе-жекке келесі үміткер ретінде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты атады. BelieveYouMePodcast подкастында Мұхаммад Леон Эдвардстың жақын арада реванш алу мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Осылайша, Шавкат Рахмонов UFC титулдық жекпе-жегіне бір қадам жақындап, Қазақстаннан шыққан алғашқы UFC чемпионы атануға мүмкіндік алуы мүмкін.