14.02.2025, 14:10

Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: ort.com

Ұлттық құрама финалда Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. 

Ұлттық құрама финалда Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанды.