$ 512.32  582.92  6.29

Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанды мерзімінен бұрын жеңді

Бүгінгі жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы келесі кезеңде мықты қарсыластармен кездесуге мүмкіндік алды. 

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогында Пәкістанды мерзімінен бұрын жеңді. Бүгін, Астанадағы Beelline Arena корттарында өткен кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Ақил Хан-Музаммил Муртаза жұбын 6:4, 7:6 есебімен ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жекелей сында Денис Евсеев Ахмад Курешиді 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. 

Осылайша, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Бұл жеңістің арқасында Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік тобының I қатарына қайта оралды.

Бұған дейін Александр Шевченко Музаммил Муртазаны жеңсе, екінші кездесуде Бейбіт Жұқаев Хузайфа Абдула Рехманнан басым түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары