$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Тоқаев азаматтар мен кәсіпкерлердің табысын арттыруға бағытталған жарлыққа қол қойды

Құжатқа сәйкес, Үкімет 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін халықтық цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекітуі тиіс.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстанда халықтың табысын арттыру, цифрлық жұмыспен қамтуды дамыту және азаматтар мен кәсіпкерлердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа шаралар қолға алынбақ. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Халықтық цифрлық экономиканы дамыту және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құжатқа сәйкес, Үкімет 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін халықтық цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекітуі тиіс. Жоспарда азаматтардың табыс табу мүмкіндіктерін арттыру, цифрлық еңбек нарығын дамыту, жасанды интеллектіні күнделікті тәжірибеде қолдану және отандық өндірушілердің тауар өткізу нарықтарына шығуын жеңілдету мәселелері қамтылуы керек.

Сонымен қатар жоспарды әзірлеу кезінде Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Ли Кай-Фудың ұсыныстарын ескеру тапсырылды. Атап айтқанда, азаматтардың кәсіби қызметінде, соның ішінде цифрлық платформалар арқылы ақылы тапсырыстар орындау кезінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілмек.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктерін жеке электрондық сауда платформалары, банктер, логистикалық компаниялар мен цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен ұштастыру көзделген. Бұл отандық тауар өндірушілердің өнім көлемін арттырып, оны нарыққа шығару мен сату мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0