$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Тоқаев Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

Ақорда мәліметінше, құттықтау хатында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты пікірін білдірген. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичске елдің ұлттық мерекесі – Латвия Республикасын жариялау күніне орай құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақорда мәліметінше, құттықтау хатында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты пікірін білдірген.

– Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#АҚОРДА