Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты. Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.