07.11.2026, 13:50

Тоқаевтан жоғары награда алған Тәжікстан Президенті алғысын айтты

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Тәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасын тапсырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Бұл марапатты мемлекеттеріміз арасындағы жоғары деңгейдегі өзара құрмет пен сенімнің тағы бір дәлелі санаймын. Ең алдымен, бауырлас Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты дәйекті түрде нығайтып келе жатқан тәжік халқының еңбегіне берілген баға деп білемін. Бүгінде елдеріміздің қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың барлық негізгі бағыты бойынша орнықты дамып келе жатқаны қуантады. Біздің одақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміз қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да беки беретініне сенімдімін, – деді Эмомали Рахмон.

 

Тегтер: Ақорда