05.11.2026, 17:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.