04.11.2026, 20:30

Астанада халықаралық саммит өтеді: бірнеше елдің басшысы бас қосады

Фото: Ақорда

Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.

Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Айбек Смадияровтың мәліметінше, Иордания королі Қазақстанға 5-6 қараша күндері келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.

Ал Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ресми сапары 5-7 қараша аралығына жоспарланған.

«Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 қарашада Астанада Ақаба процесінің саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.