Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде балалар хирургі мен науқас баланың әкесі арасында жанжал туындап, соңы дәрігерге күш қолданумен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда қызу талқыланды. Науқастың әкесі медицина қызметкерлерін дөрекілік танытты және баласына диагноз қоюды кешіктірді деп айыптайды.
Ал 20 жылдық еңбек өтілі бар хирург барлық қажетті тексерулердің қолданыстағы медициналық хаттамаларға сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауға алғанын және медицина ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту жоспарланып отырғанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.