$ 453.64 € 508.17 ₽ 5.59

Салық түсімінің азаюына мұнай өндірісі мен мораторий әсер етті – Ұлттық экономика вице-министрі

Вице-министр салық кодексіне енгізілген өзгерістер бюджет кірісін толықтырудың негізгі көздерінің біріне айналғанын атап өтті. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Қазақстан бюджетіне түсетін салық түсімдерінің төмендеуіне мұнай өндіру көлемінің қысқаруы, тұтынушылық кредиттеудің азаюы және акциз саясатына қатысты мораторий әсер еткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, биыл мұнай өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 5 млн тоннаға азаймақ. Егер былтыр бұл көрсеткіш 101,5 млн тоннаны құраса, биыл 96 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, кредит беру талаптарының қатаюы да бюджет кірісіне кері әсер еткен. Бұған қоса, акциз саясатына қатысты мораторий салдарынан бірқатар өңірде жоспарланған түсім көлеміне қол жеткізу қиындаған.

Әмриннің сөзінше, әсіресе мұнай өңдеу зауыттары орналасқан Шымкент, Павлодар және Атырау облыстарындағы жағдай маңызды. Оның айтуынша, бұл үш өңірде акциздер жергілікті бюджет кірісінің шамамен 40 пайызын құрайды.

Вице-министр салық кодексіне енгізілген өзгерістер бюджет кірісін толықтырудың негізгі көздерінің біріне айналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, салық реформалары бюджет түсімдерінің өсуіне ықпал етіп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0