14.09.2026, 18:00

Кореяда қазақ тілін 20 жылдан астам дәріптеген профессор мемлекеттік наградаға ие болды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Хангук шет тілдері университеті Орта Азиятану кафедрасының меңугершісі, профессор Сон Ён Хун мемлекеттік наградаға ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Сеул қаласында маңызды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Хангук шет тілдері университеті Орта Азиятану кафедрасының меңугершісі, профессор Сон Ён Хун мемлекеттік наградаға ие болды. Корея Республикасында қазақ тілі мен мәдениетін 20 жылдан астам уақыт бойы жүйелі түрде дәріптеп, екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға сүбелі үлес қосқан шетелдік ғалымға ресми түрде құрмет көрсетілді.

Қазақ мәдениетіне деген терең құрметінің белгісі ретінде өзін «Құдайберген» деп те атайтын профессор Кореядағы беделді жоғары оқу орнында қазақ тілін оқыту ісінің негізін қалаушылардың бірі. Оның жетекшілігімен аталған университетке түлеп ұшқан талай жас маман екі мемлекет арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға белсене атсалысып жүр.

Мемлекет басшысының қабылдауында өткен марапаттау рәсімі қазақ тілінің халықаралық аренадағы беделін арттырып, шетелдік ағартушылардың еңбегін бағалаудың айқын көрінісіне айналды.