Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы шықты.
Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті Әлібек Қуантыровтың Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне кандидатурасын қолдады.
Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы шықты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Ақорда.
Әлібек Қуантыров 2022 жылы Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған. 2024 жылы бұл қызметтен кеткен еді.