03.09.2026, 12:05

Тоқаев Лаос Президентін Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды.