$ 455.4  526.99  5.25

Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ғалымжан Қойшыбаев 1991 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдап, кейін осы оқу орнының аспирантурасында білім алған.

Еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған. 1995-2004 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде түрлі қызметтер атқарды. Кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде және бірқатар шет мемлекеттердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеді.

2016-2019 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 2019 жылдан бастап Премьер-министр Кеңсесі мен Үкімет Аппаратында басшылық қызметтер атқарып келеді.

Қойшыбаев мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ Латвия мен Финляндияның мемлекеттік наградаларына ие.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0