$ 455.4  526.99  5.25

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінде қалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Қосанов Дәурен Жұматайұлы – 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Мансап

Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;

Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;

Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0