29.08.2026, 15:50

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.