27.08.2026, 11:20

Мемлекет басшысы Молдава Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жеделхатта Қазақстан екі ел халқының мүддесі үшін кең көлемді бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екені атап өтілген.

Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.