$ 458.87  535.09  5.42

Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Фото: Казинформ
Фото: Казинформ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Сатыбалды Бұршақов аталған қызметке 2022 жылғы 9 қыркүйекте тағайындалған болатын. Ол Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқара отырып, еліміздің Солтүстік Македониядағы дипломатиялық өкілі міндетін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0