Бұл туралы 2026 жылы 16 тамызда ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy – 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы 2026 жылы 16 тамызда ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады:
"Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды".
Бұған дейін Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы ("Лабақ батыр") қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алтын белбеуді жеңіп алды.