14.07.2026, 20:30

Тоқаев Қырғызстандағы жаңа елшіге бірқатар нақты тапсырма жүктеді

Фото: Ақорда

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.