Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жаңаталап ауылының маңында болған.
Ақмола облысында Астана – Петропавл тасжолында қайғылы жағдай болды. Жол апатынан көлік өртеніп, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жаңаталап ауылының маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 30 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, құтқарушылар жеткенше көлікті от толық шарпыған. Жол апатынан аман қалған бір адам дене күйігімен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Оған жедел жәрдем келгенше трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандардың аты-жөні мен апаттың себептері анықталуда.