15.06.2026, 09:40

АҚШ пен Иран келісімге келді: санкциялар алынып, Ормуз бұғазы қайта ашылады

Фото: mamul.am

Трамп та келісімнің жасалғанын растады және Иранға қатысты блокаданы алып тастауға, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы халықаралық кеме қатынасын қайта жандандыруға «рұқсат бергенін» айтты.

Келісімге 19 маусымда Швейцарияда қол қойылады. Бұл туралы Пәкістан премьері Шахбаз Шариф айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Вашингтон мен Тегеран атысты дереу әрі толық тоқтату жөнінде келісімге келген.

Трамп та келісімнің жасалғанын растады және Иранға қатысты блокаданы алып тастауға, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы халықаралық кеме қатынасын қайта жандандыруға «рұқсат бергенін» айтты.

Иран тарапы да келісімнің негізгі шарттарын жариялады. Mehr агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон:

Иранның бұғатталған активтерінен $24 млрд босатуға;

бұл қаражаттың жартысын келісімге қол қойылғанға дейін қайтаруға;

мұнай саласына қатысты санкцияларды алып тастап, жаңа шектеулер енгізбеуге;

одақтастарымен бірлесіп, Иран экономикасын қалпына келтіруге бағытталған көлемі кемінде $300 млрд болатын бағдарламаны ұсынуға міндеттелді.

Өз кезегінде Иран ядролық қару жасамауға міндеттеме алып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа адалдығын растайды.