Залдағы аса құнды жәдігердің бірі — XVIII–XIX ғасырларға жататын Қожа Ахмет Ясауи құлпытасының қабіржапқышы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекеттер басшылары XIV–XV ғасырларға тиесілі сирек жәдігерлер көрмесін тамашалады. Ол Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы мен кесененің тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде XIV ғасырдан бері сақталған қабірхананың ағаш есігі бар. Есік сүйекпен, қаңылтырмен және алтын жалатылған жазулармен безендірілген. Сондай-ақ куфа мен сулус үлгісіндегі араб мәтінімен өрнектелген.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда
Мәртебелі меймандарға Әмір Темірдің тапсырысымен жасалған қола шырағдандар, XV ғасырға тән аспалы қола кәндилдер мен айдаһар бейнесінде нақышталған қос құлақты шамдар көрсетілді.

Фото: Ақорда
Көрменің ерекше сәулеттік элементі — кесене күмбезінің ұшар басында орналасқан көне кубба (мыстан жасалған).

Фото: Ақорда
Залдағы аса құнды жәдігердің бірі — XVIII–XIX ғасырларға жататын Қожа Ахмет Ясауи құлпытасының қабіржапқышы. Оның бедерлі ою-өрнектері діни символизмді, геометриялық композицияны, каллиграфияны ұштастырады. Орталық Азиядағы ислам мәдениетінде қабіржапқыш рухани құрметтің белгісі саналады.