18.03.2026, 10:20

Жаңа Конституция бойынша Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: gov.kz.

Ол бүгін үкімет отырысында «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

2026 жылдың 20 наурызы күні Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін үкіметте премьер-министрдің орынбасары әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Ол бүгін үкімет отырысында «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

Конституциялық заң жобасы:

жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындауды; озық халықаралық және шетелдік стандарттарды, техникалық регламенттерді және технологиялық нормаларды қолдануды; цифрлық активтердің айналымын реттеуді; шағын биіктіктегі экономика саласын және электронды ұшқыш аппараттарды дамытуды; инвестицияларды қорғауға және олардың тұрақтылығына кепілдік беруді; салық салудың және бюджеттік қатынастардың ерекше режимін қолдануды көздейді.

Жұманғарин хабарлағандай, осы жұма, 20 наурыз күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, заң жобасы сол күні талқыланады.

«Конституциялық заң жобасы Парламенттің қарауында. Биыл  20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен отырысының 1-ші оқылымын, ал 27 наурызда 2-ші оқылымын өткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Жұманғарин.