Ол мұны қазақ тілінің заң тілінен айналу деп бағалады.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәтіні аударма еместігін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
— Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы — бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба — о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Екі ұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, — деді ол Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында.
Ол мұны қазақ тілінің заң тілінен айналу деп бағалады.
— Яғни, ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр. Бұл — қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді, — деді Ерлан Қарин.