01.01.2026, 17:30

Мемлекет басшысы Куба президентін құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.