14.09.2025, 11:30

Тоқаев Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.