20.08.2025, 10:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады

Фото: Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.  

2 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.