20.05.2025, 18:00

«Қыздың үйінде қиылуы керек»: Нұрлан имам неке қиюға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Нұрлан имамның сөзінше қыз ұзатылғанға дейін некесі қиылуы керек.

Жұртқа танымал имам Нұрлан жастардың неке қиюына қатысты айтып, себебін түсіндірді деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нұрлан имамның сөзінше қыз ұзатылғанға дейін некесі қиылуы керек.

“Неке – қыздың үйінде қиылуы керек. Себебі, үйінен алып шығып бара жатқанда, күйеу жігіт қыздың қолынан ұстайды. Ал неке қиылмай тұрып қыздың қолынан ұстау – харам. Бізде не істейді? Мешітке көлікпен шулатып келіп, неке қидырады. Мешітке келгенше, жігіт қыздың қолын ұстап, сүйіп те, басқа нәрсе де жасап қойды ғой. Ал келін алды-арты ашық көйлекпен келеді. Оған қарамаймын деген молда не оқып, не қойғанын білмей, есі ауып қалады”, – деді Нұрлан имам.