18.04.2025, 16:00

Тоқаев Маңғыстау облысында болашақ чемпиондармен кездесті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы BS Arena спорт кешеніне барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты.  Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.

Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.