$ 443.44  480.51  4.88

«7 мамырды Отан қорғаушылар күні деп мойындамаймын» – ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы (ВИДЕО)

«Тұңғыш Армиямыздың құрылғанына биыл 106 жыл толады».

«Qasqa jol» ютуб каналындағы кезекті подкасттың қонағы ретінде Әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының құрастырушысы Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы шақырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

7 мамырды Отан қорғаушылар күні ретінде қабылдамайтынын айтқан Сұлтанхан Аққұлұлы неліктен мұндай ұстанымда екенін түсіндірді.

ХХ ғасыр басындағы тарихымызды зерттеуге 30 жылдан астам уақытымды жұмсаған ғалым ретінде айтатыным, осы бүгінгі Қазақ мемлекетінің тұңғыш тұрақты ұлттық Қарулы күштері құрылған күні немесе Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр емес, өте қымбатты Дариға Назарбаеваның туған күні емес. Ол – 1918 жылдың 24 маусымы. Міне, тұңғыш Армиямыздың құрылған күніне биыл 106 жыл толады екен.

24 маусым күні – бізде тұңғыш ұлттық тұрақты Қарулы күштеріміздің құрылған күні.

Бұл әскер 1917 жылы 12 желтоқсанда Орынбордағы екінші Жалпыұлттық қазақ-қырғыз құрылтайы Алаш республикасының, кешегі Қазақ хандығының жер аумағында сол мемлекет тірегі боп тұрған, мемлекеттің негізін қалайтын қазақ халқының саяси құлқымен Алаш ұлттық елінің автономиясы құрылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның сүйегі, негізі, іргетасы екенін ұмытпауымыз керек.

Мысалы, біз өткен жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігіміздің 32 жылдығын тойласақ, ал бұл мемлекеттің құрылған күнін біз неге тойламаймыз?

Біз 1991 жылы 16желтоқсанда аяғымыз аспаннан салбырап түскен жоқ, біз оған дейін де Қазақ Кеңестік социалистік республикасы болса да, мемлекет ретінде өмір сүрдік. Басқа бір алып мемлекеттің, Кеңес империясының-Зұлымдық империясының құрамында болсақ та біздің мемлекеттік барлық нышанымыз болды. Жеріміз-территориямыз болды, шекарамыз болды, Конституциямыз болды, мемлекеттік Туымыз болды, Парламентіміз, Атқарушы билігіміз, былайша айтқанда мемлекеттігіміздің барлық нышаны болды.

Біз 1991 жылы тұңғыш рет тәуелсіздік алған жоқпыз, тәуелсіздігімізді қалпына келтірдік. Өйткені ол тәуелсіздіктен біз 1920 жылы тамыз айында айырылған болатынбыз, - деп түсіндірді ғалым.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары