Энергетика министрлігі Степногор жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын хабарлады.
 
"Қазір 3 энергетикалық жылу агрегаторы мен бір су жылытатын қазандық жұмыс істеп тұр. Станциядан таралып жатқан жылудың температурасы 93-95С жоғары, бұл белгіленген кестеден жоғары. Кестеге сай температура 87С", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
 
Орталықта апаттың салдары мен анықталған кемшіліктері жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жұмыстар 28 наурызда кешке дейін аяқталады. Қазандықтар резервке енгізіледі", - деді министрліктегілер.
 
Степногордегі жылу электр станциясындағы апат 25 наурызда болды: екі энергетикалық қазандықта бірден тесік пайда болған.
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын 
Instagram, 
Telеgram, 
facebook, 
twitter және 
vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.